«ҚТЖ» компаниясының жол апатына қатысты мәліметі

373
Шымкент. Пойыз апаты. Теміржол
Шымкент. Пойыз апаты. Теміржол

«Қазақстан теміржолы» ұлттық компаниясының Шымкент бөлімшесі жүк пойызы мен басқарылмайтын локомотивтің соғысу оқиғасының себебіне қатысты өз нұсқаларын жария етті. Олардың сөзінше, тергеу жүргізіліп жатыр. Қазірдің өзінде оқиғаның қалай болғаны жөнінде сипаттама жасап қойыпты.

Шымкент. Пойыз апаты. Теміржол

Мамандардың айтуынша, бұл апатқа себеп «Стандарт цемент» АҚ тарапынан болған. Тиісті жұмысшылар жолда тұрған вагондарды тежемеген дейді мамандар.

Еске салсақ, 8 қыркүйек күні таңғы сағат 5 шамасында Шымкент қаласындағы «Стандарт цемент» АҚ-ның теміржол тұйығында маневр тепловозы мен 4 вагон теміржолдан шығып кеткен болатын. 4 вагонның біреуіне көмір тиелген. Қалғандары бос екені анықталды.

Апат салдарын жою жұмыстарына Оңтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамынан 12 қызметкер мен 3 техника, жөндеу-қалпына келтіру бригадасынан 20 адам және «Стандарт цемент» АҚ-ның өкілдері жұмылдырылды.

Вагондар рельстен шыққан аумаққа жер үйлер тым жақын орналасқанымен, ешкім зардап шекпеген. Үйлер де, адамдар да дін аман. Вагондардың теміржолдан шығып кетуі жолаушылар пойызының қозғалысына да кедергі келтірген жоқ дейді жауаптылар.