Ғалым Елеу Мұратұлы: «Ауру құбырдан таралуы мүмкін»

533
Зертхана. Елеу Мұратұлы

Күнгейлік ғалымдар аурудың тоқсан пайызы судан келетінін айтып дабыл қағуда. Ал шіріген су құбырлары індетті таратуы мүмкін деген қауіп бар. Сондықтан көп қабатты үйлердегі тозығы жеткен құбырларды ауыстыруды қажет.

Зертхана. Елеу Мұратұлы

Айта өтейік, ғалым Елеу Мұратұлы су шаруашылығын көптеген жылдар бойы зерттеген. Ол Қазақстан бойынша ең дәмді және сапалы су Оңтүстікте екенін айтады. Соны сақтап қалу үшін тозығы жеткен құбырларды тез арада ауыстыру керек деп отыр. Еске салайық, Шымкенттегі 1800-ге жуық үйдің тек 30 пайызында ғана су құбыры жаңартылған.