Шымкент экономикалық даму тұрғысынан да, қоршаған ортаның ластануы жағынан да Қазақстан бойынша үшінші орында. Облыс Алматы, Қызылорда өңірлерінен кейін экологиясы нашар үштікке кіріп отыр.
Бүгінде мамандар ауаның ластануын алақандағыдай бақылауға қол жеткізген. Былтыр Шымкентте екі бірдей экобекет орнатылды. Оның бірі Самал шағынауданында орналасқан болса, енді бірі Нұрсәтте жұмыс істейді. Қазір «Қазгидромет» мамандары Шымқаланың атмосфералық жағдайын онлайн тәртібінде қадағалап отыр.