«Қазақ хандығының 550 жылдығына» арналған ең үлкен мотошеру Шымкентке табан тіреді. Жиналған жас велошабандоздар мен шымкенттік жастар бірнеше байкерден құралған қонақтарды Наурыз алаңында күтіп алды. Алматы қаласынан бастау алған сапар Қазақстанның барлық қалаларында жалғасқан.
Мотошеруді бастап келе жатқан Дмитрий Петрухиннің айтуынша, байкерлер осылай ел тарихындағы елеулі оқиғаның жоғары дәрежеде аталып өтілуіне өз үлестерін қоспақ. Сапарын Тараз қаласында аяқтайтын байкерлер 9 қазанда Елбасының қатысуымен өтетін мерекелік шараға қатысады.