Бәйдібек ауданында далалы алқап өртке оранды. Тілсіз жау Алмалы елдімекенінде қураған шөптің тұтануынан пайда болған.
Соның салдарынан шарпыған өрт 2290 гектарды жерді жалмаған. Абырой болғанда зардап шеккен адам жоқ. Өрттің бетін қайтару үшін 100-ге жуық қызметкер қатыстырылып, 12 техника жұмылдырылған.
Өрт сөндірушілерге орман шаруашылығының 10 жұмысшысы мен 93 ауыл тұрғыны көмектесті. 9 қыркүйек күні кешкісін шыққан өрт 11 қыркүйек күні түске жақын толық сөндірілді.