Шымкенттегі Қырғы базар маңынан адасқан сәби табылды. Тал түсте, сағат 14:30 шамасында Перизат Ахмет есімді азаматша кішкентай баланың жалғыз жүргенін байқаған.
Содан дереу 102 нөміріне хабарласып, тәртіп сақшыларын шақырады. Оқиға орнына келген инспекторлар азаматшадан түсініктеме алып, баланы аудандық полиция бөліміне алып кетті. Қазір сәбидің ата-анасы мен туыстары іздестіріліп жатыр. Егер бүлдіршінді танып-білгендер болса, Әл Фараби полиция бөліміне хабарласуына болады.