Базардағы баға қымбаттады

465
Базар. Баға. Азық-түлік
Базар. Баға. Азық-түлік

Шымкентте азық-түліктің бағасы шарықтап шыға келді. Тауарды көтере сататын сауда орындарында ұн, қант, майдың бағасы қымбаттап кетті. Редакциямызға осылай деп хабарласып, шағымданған тұрғындардың уәжінен соң біздің түсірілім тобы базарлар мен сауда сөрелеріндегі жағдайды бақылап қайтты.

Базар. Баға. Азық-түлік
Базар. Баға. Азық-түлік

Бұл жолы базардан баяғыдай қап-қаптап азық-түлікті арқалап қайтқан адамды көзіміз шалмады. Жерлестеріміз тұтыну тауарларының бағасы қымбаттағанын айтып отыр. Оның ішінде, әсіресе, қанттың бір қапшығының бағасы едәуір өскен.

Мая Хамитова 5 жылдан бері базарда азық-түлік тауарларын сатады. Кәсіпкер әйел қазір тамақ өнімдерінің барлығы да кемінде 20-30 пайызға қымбаттағанын жасырған жоқ. Айтуынша, тауардың құны енді сатушыға емес, өндіруші фирмалар тағайындаған бағаға тәуелді.

Мая Хамитова
Мая Хамитова

Мая Хамитова, сатушы: «Біз емес, тауар өндірушілер ғой бағаны өсірген. Біз енді алған бағамызда сатпаймыз ғой, бір тиын болса пайда көруіміз қажет. Барлық азық-түлік өнімдері 20-30 пайызға қымбаттап отыр. Мәселен, 230 теңдеген ұн алсақ, қазір 250-ден. Қанттың бағасы мүлдем шарықтап кетті, бұрын 3500 теңдеген алсақ, қазір оны 3900-дан бізге әкеліп жатыр. Ол бағаға тағы біз қосамыз, сомен ол 1000 теңгеге қамбаттады деген сөз.»

Кәсіпкердің уәжін өзге де базар сатушылары жалғай түсті. Айтуларынша, жағдайдың мұншалықты ушығуына доллардың бағамы себеп. Енді саудагерлер тұтынушылардың қатары сейілгенін айтып наразы.

Ұлбике Балтабаева
Ұлбике Балтабаева

Ұлбике Балтабаева, сатушы: «Енді долларға байланысты өнімдердің бағасы да тағы да қымбаттады. Фирмалар ғой енді. Мәселен, май әкелетін «Маслозавод», «Шедевр», «Олейна», «Доня» — өзімізден шығатын отандық өнімдердің барлығы 100 теңгеге қымбаттады. Ұн да қымбаттады, «Дани нан» бүгін 20 теңгеге қымбат келді. Оны енді біз де қосып, қымбатқа сатамыз ғой».

Базардағы жағдай әзірге осы, ахуал мәз емес. Таяуда ғана жергікті әкімдік пен базар басшылары тауардың құны тұрақтайды деп мәлімдеген болатын. Бірақ әзірге соның үдесінен шыға алмай отыр.