Бейбіт Атамқұлов «Сайрам-сүт» жұмысшыларының айлығын көтеруді тапсырды

910
Фото19
«Сайрам-сүт» ЖШС директоры Жамалбек Уәлихан мен ОҚО әкімі Бейбіт Атамқұлов

Сайрам ауданындағы «Сайрам-сүт» ЖШС өздерінде шығатын сүт өнімдерінің бағасын көтеруге мәжбүр. Бұл туралы облыс әкімі Бейбіт Атамқұловтың Сайрам ауданына жасаған сапарында аталмыш кәсіпорынның директоры Жамалбек Уәлихан мәлімдеді. Директордың айтуынша, бағаны көтеруге өндіріске қажетті кейбір заттардың шетелден импортталуы себеп.

Фото21
«Сайрам-сүт» ЖШС директоры Жамалбек Уәлихан мен ОҚО әкімі Бейбіт Атамқұлов

Ал, өңір басшысы Бейбіт Бәкірұлы: тауар бағасын көтерсеңдер, онда мұндағы жұмысшылардың да айлық жалақысын көтеріңдер, деп тапсырма берді.  Жұмысшылардың дені 30-40 мың теңге айлық алады. Облыс әкімі бұл айлықтың аз екенін айтады.

Фото1
«Сайрам-сүт» ЖШС директоры Жамалбек Уәлихан

Жамалбек Уәлихан Батырбекұлы, «Сайрам-сүт» ЖШС директоры: Біз өнімнің қаптамаларын Ресейден алдырамыз. Жууға арналған заттар, ашытқы, бәрі шетелден келеді. Қазақстаннан шықпайды. Олар бізгеқазірден хат жіберіп жатыр, 25-30% пайыз көтеру жөнінде. Келісімде тауарды еуромен беріп жатыр. Бағаны әзірге ұстап отырмыз. Бағаны болашақта қосатын болсақ, айлықты да қосамыз. Бағаны қоспасақ болмайды.

 

Фото12
«Сайрам-сүт» ЖШС директоры Жамалбек Уәлихан
Фото4
«Сайрам-сүт» ЖШС сүт өнімдері

60 шақты адам жұмыс істейтін зауытта тәулігіне 13-14 тонна сүт өңделеді. Одан 25 түрлі өнім жасалады. Таяуда ғана биокефир шығаруды бастаған. Алдағы уақытта жаңа цех орны ашылып, ірімшік пен балмұздақ цехы іске қосылады.

Фото27
«Сайрам-сүт» ЖШС жұмысшылары

Өндіріске қажетті сүт шикізатын осы аудандағы сауын сиыр ұстаған жұртшылықтан жинайды. Сондықтан да өнімді таза табиғи сүттен жасайды. Негізгі шикізатты жергілікті жерден алатыны себепті, бұл бағаны тұрақты ұстауға сеп болады екен. Бұдан бөлек, бүгінде  ауданда сүт өнімдерін шығаратын 7 кәсіпорын бар. Олардың арасындағы негізгі бәсекелес — «Фудмастер» компаниясы.

Фото6

Биыл облысты сүт өнімдерімен толықтай қамтамасыз еткен кәсіпорын келесі жылы Қызылорда, Жамбыл және Алматы облыстарының нарығына  шығуды жоспарлап отыр.

фото: Жәнібек НҰРЫШ