Шымкент қалалық мәслихатының депутаты Жамбыл Қалауов Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенкоға сүйсінемін деп мандатынан айрылды. Қазақстанмен бірге Беларусь елінде де бензин бағасы шарықтап шыға келгеніне Александр Лукашенко қатты сын айтқан болатын.
Қалалық мәслихат депутаты Жамбыл Қалауов Александр Лукашенконың сынынан кейін, Беларусь басшысының сөзін қолдап, әлеуметтік желі арқылы Лукашенконы Елбасы ретінде көргісі келетінін жазған. Артынша оның бұл сөзі депутаттардың талқысына түсіп, партиядан шығарылды. Тіпті, бүлікші ретінде мандатынан айрылды. Енді күні кеше Лукашенкоға сүйсінген Қалауов бүгін тілшілерді шақырып, Елбасын толық қолдайтынын айтып ақталды. Тек, шымкенттік Нұротандықтар Жамбыл Қалауовты өз қатарларынан көруі екіталай.
Жамбыл Қалауов, Шымкент қалалық мәслихатының депутаты: » Менің ол өз атымнан былай айтқанда эмоционалдық ой пікірім еді. Батька красавчик нам бы такого Елбасы деп айтқам, болды».