Биыл Шымкентте 38 көпқабатты үй пайдалануға беріледі. Қазіргі таңда 43 үй салынуда. Оның ішінде несиелік – 7, жас отбасыларға арналған – 2 және арендалық 34 үй бар.
Бүгінге дейін облыс орталығында 10 үйден пәтер кілті иелеріне табысталды. Ал жыл қорытындысында 38 үй пайдалануға беріледі деп күтілуде.
Бұдан бөлек «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ тарапынан әкімшілік-іскерлік орталығында салынған 1080 пәтерлі 15 тұрғын үйге баспана кезегінде тұрған азаматтар қоныстануда.
Қазіргі таңда облыс орталығында үй кезегінде тұрған азаматтар саны 18 мыңнан асты. Жергілікті билік тұрғындардың баспанаға деген мұқтаждығын шешу бағытында жоспарланған жұмыстарды кезең-кезеңімен атқаруда.