Экономикалық саясат шараларын жүзеге асыру барысында ипотекалық несиесі бар банк клиенттеріне жеңілдік жасалады.Бұл туралы бүгін Ұлттық банктің облыстық филиалының өкілдері мәлімдеді.Көмек ипотекалық тұрғын үй қарыздарын қайта қаржыландыру бағдарламасы аясында іске асады. Бұл қолдау кімдерге тиесілі, бағдарлама қалай іске асырылады?
Ұлттық Банк талабы бойынша, бұл жеңілдікке қарыз қалдығы 36 миллион теңгеден, несиеге алған баспанасының жалпы ауқымы 120 шаршы метрден аспайтын борышкерлер қол жеткізеді. Онымен қоса бұл санаттағы клиенттердің үстеме ақы да кешіріледі. Ал қалдық қарызын тұтынушы 20 жылдың ішінде 3 пайызбен төлеуі тиіс.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=VyCx_kOPNzM[/youtube]
Бұл тұрғындардың жалғыз баспанасынан айрылып қалмасы үшін қолға алынып отырған шара.Бұдан былай сот үкімімен мәжбүрлі түрде үйінен шығарылу жағдайлары азаяды дейді мамандар. Банк салымшылары үшін де жағымды жаңалық. Еркін өзгермелі айырбастау бағамынің енуіне байланысты жеке тұлғаларға ұлттық валютаға ашылған депозиттері бойынша бағамдық айырма төленетін болды. Бұл бағдарламаға қатысу үшін шоттағы қаражатыңыз 1 млн. теңгеден аспауы қажет. Салымшы бір жыл бойы депозитін сақтау қажет. Айта кетейік, облыста осыған дейін қайта қаржыландыру бойынша 600-ден астам клиенттен өтініш қабылданған. Шымкент қаласының әкімдігі Ұлттық Банктің хатшылығы ретінде бағдарламаны іске асыруға құзырлы. Облыс аумағында бағдарламаға қатысуға ниет білдірген клиенттердің өтініші әкімдіктің кеңсесінде қабылданады.