«Керуен сарай — Silk Way Tourism Fair» туристік жәрмеңкесі өтіп жатыр

779

Фото1

Облыстық «Көрме» орталығында «Керуен сарай — Silk Way Tourism Fair» туристік жәрмеңкесі өтіп жатыр. Өңіріміздің қолөнершілері мен туристік фирмалары өз тауарлары мен қызметтерін таныстыруға келген. Көрмеге республикамыздың алты облысынан қатысушылар келген. Онға жуық мемлекеттің делегаттары да шақырылған. Биылғы жәрмеңке «ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізудегі өңірлік туризмнің рөлі» тақырыбына арналды.

"Қазақ көші"
«Қазақ көші»

Оңтүстіктің кереметін паш еткен көрмеге этнотуризмінің қозғаушысына айналған кіл мықты қолөнершілер де жиналды. Түркістан қаласынан осы көрмеге арнайы келген Ынтымақ Баянбай қошқардың мүйізінен әралуан композициялық заттар жасайды. Одан бөлек, тораңғы мен малдың сүйегін, терісін пайдаланады. Жас шебердің қолынан шыққан дүниелердің арасында қазақтың өткенін бейнелейтін «Қазақтың анасы», «Бес қару, «Қазақ көші» сынды ерен туындылар бар.

2015-09-19_153227
Ынтымақ Баянбай, қолөнер шебері

Ынтымақ Баянбай, қолөнер шебері: «Қошқармүйіздерді алып, бір-біріне жалғап, құрастырдым. Сырттай қарасам, батырдың формасына келеді. Жоғары жағына мүйіз қойсам, батырға келеді. Оған қалғанын қойдым, садағын, найзасын ұстаттым. Батыр болып шықты»

Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан Шымкентте өтіп жатқан туристік жәрмеңкенің мақсаты біреу. Ол «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне келетін шетелдік туристер Оңтүстікке ат басын бұрса, оларға ұсынатын туризм бағыттарын әзірлеу. Бұл үшін күнгей елінде бірнеше жоспарлар бекітілген.

2015-09-19_153416
Бауыржан Омарбеков, облыстық кәсіпкерлік, индустриялды-инновациялық даму және туризм басқармасының басшысы:

Бауыржан Омарбеков, облыстық кәсіпкерлік, индустриялды-инновациялық даму және туризм басқармасының басшысы: Туристтердің ақпараттық орталығын ащқымыз келіп отыр. Кез-келген туристке өзіміздің өңіріміз туралы толыққанды ақпарат бере алатын орталық ашқымыз келіп отыр. Яғни, қай жерде біздің қандай туристік объект бар, оған қалай жетуге болады, қандай көлікпен баруға, медициналық көмекті қалай алуға болады? Осы сұрақтарға жауап беретін орталық ашуды жоспарға қойдық.

форум
«ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізудегі өңірлік туризмнің рөлі» атты форум

Көрме орталығында басталған жәрмеңке «ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізудегі өңірлік туризмнің рөлі» атты форуммен жалғасты. Форумда Оңтүстіктің туристік әлеуеті талқыланып, әр өңірдегі туристік фирмалар жергілікті кәсіпкерлермен меморандумға қол қойылды. Бұдан бөлек шетелдік және отандық туристік ұйымдар арасында келіссөздер жүргізудің алғышарттары жасалды.