Облыста уақ малдарды қолдан ұрықтандыру басталды. Бұл ретте жергілікті шаруалар Ордабасы асыл тұқымды қойын көбейтеді. Күйік мезгілінде облыста 2 милионға жуық қой қолдан ұрықтарылатын болады.Бұл шара жеке шаруашылықтар үшін тегін жасалады.
Етті бағыттағы уақ малдар Ордабасы асыл тұқымымен шағылыстырылып жатыр. Мамандардың айтуынша, бұл тұқым 40 келіге дейін ет береді. Ұрықтандыру шарасын жүргізу үшін биыл мемлекеттен 90 млн. теңгенің қаражаты бөлінді. Шағылыстыру кезеңінде облыста 60 арнайы бекет ашылмақ.
Бүгінде ел аумағына таралған ет бағытындағы қой тұқымына көрші ресейліктер де қызығушылық танытып отыр. Жаңа тұқымды қойлар ыстыққа да, суыққа да төзімді, шөлге шыдамды,- дейді шопандар. Жүні аз, есесіне еті мол.
Шағылыстыру кезеңі қазан айының он бесіне дейін жалғасады. Барлығы етті бағыттағы 2 млн. аналық бас ұрықтандырылатын болады. Осылайша, мамандар осы бағыттағы уақ малдың қарасын көбейтпек.