Оңтүстікте орталық коммуникациялар қызметінің филиалы ашылды

348
орталық коммуникациялар қызметі

Оңтүстік тілшілері үшін жағымды жаңалық. Бүгін Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінің Оңтүстік Қазақстан облысындағы филиалы ашылды. Орталық билік пен БАҚ-ты жақындастыратын орынға айналмақ. Филиалдың ашылуымен журналистер қауымын бірінші болып облыс әкімі құттықтады.

Бейбіт Атамқұлов
Бейбіт Атамқұлов

Бейбіт Атамқұлов, облыс әкімі: «Тұсауы кесілген қызмет филиалы аймақтағы басқармалар жұмысының ашықтығын арттыруға және  жұртшылықтың мемлекет жұмысы туралы көбірек ақпарат алуына жол ашатын бірден-бір сұхбат алаңына айналатынына сенімдімін».

Айта өтейік, орталық коммуникациялар қызметінің филиалдары елдің жеті облысында жұмыс істейді. Мемлекеттік органдар мен БАҚ арасындағы байланыстың нығайтуға арналған қадамды Оңтүстік әкімі де қолдап отыр. Нәтижесінде орталықтың филиалы ашылып, БАҚ өкілдерін қуантты.

орталық коммуникациялар қызметі

Орталықтың филалы облыс әкімдігі ғимаратының 16-қабатында орналасқан. Заманауи үлгіде жабдықталған орталық былтыр «Оңтүстік» ақпарат орталығы болып салтанатты түрде ашылған болатын. Содан бері облыс, аудан, қала басшыларының қатысуымен брифингтер өткізіліп келген.

Ал бүгіннен бастап орталық қызметі қайта жанданып, брифингтерге өзге өңір тілшілері де қатыса алатын болды.