Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы аясында «Шекарасыз ән» фестивалі өтті. Байқауды «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесі ұйымдастырған. Мақсаты – жастардың патриоттық сезімін оятып, рухани дамуына септігін тигізу. Сонымен қатар, еліміздің этнобірлестіктеріміздің маңыздылығын айқандайтын шара.
Облыстық байқауға өңірдегі жиырмаға жуық этно-мәдени орталықтардың өкілдері қатысып, өнерлерін ортаға салды. Доданың басты шарты- жанды дауыста ән шырқау. Туындының қай тілде екені маңызды емес, тек жүректен шығып, жүрекке жетсе болғаны,- дейді ұйымдастырушылар.
Ербол Байқонақов, ОҚО әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы, қазылар алқасының төрағасы: «Негізінен тірі дауыста шырқау мәселесіне баса мән беріледі. Ал егер жанды дауыспен айтпаған жағдайда оның балы төмендетіледі. Жалпы, осындай іс-шараларды өткізу арқылы еліміздегі татулықты сақтауға болады. Мол ықпалын тигізеді».