Елімізде қазан айының алғашқы сенбісі — мұғалімдер мерекесі. Осыған орай «Менің ең алғашқы ұстазым» атты республикалық акция өтуде. Саттар Ерубаев атындағы №24 мектеп-лицейдің оқушылары мереке қарсаңында ұлағатты ұстаздарына тосын сый жасады. Білім нәрімен сусындатып, алғаш әріпті үйретке мұғалімдерінің суреттерінен тұратын арнайы тақтайша дайындап, мерекелік концерт ұйымдастырды.
Әннен шашу шашып, мың бұралып би билеп берді. Бастауыш сыныптың оқушылары ұзақ жылдар еңбек етіп, зейнеткерлікке шыққан ұлағатты жандарға гүлдерін тарту етті. Ұстаздардың ерен еңбегін ешқашан ұмытпаймыз, олардың есімін үнемі құрметпен еске аламыз деп уәде берді. Ал шәкірттерінің сый-сияпаты мен ерекше ілтипатына қуанған ұстаздар қауымы болса, ақ тілектерін жаудырды.