Қазақ хандығының 550 жылдығына орай салтанатты жиындар біздің өңірімізде де өтті. Облыс орталығындағы «Түркістан» сарайында Қазақ хандығының 550 жылдығына орай салтанатты шара өтті.
![Түркістан сарайы. Салтанатты жиын](http://kz.otyrar.kz/wp-content/uploads/2015/09/0082-640x362.jpg)
Мерекелік кеште алдымен облыс әкімінің бірінші орынбасары Дархан Сатыбалды сахна төріне көтеріліп, жерлестерімізді арнайы құттықтады. Айтулы шараға жергілікті билік өкілдері мен шаһар тұрғындары шақырылған.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=77YV3e6Fq8g[/youtube]
Тарихи датаның құрметіне жергілікті өнерпаздар патриоттық ән айтып, мейрамның мерейін асырды. Белгілі тарихшы ғалымдар да зерттеу мақалаларын арқалай келген. Көптің алдында баяндамаларын оқыды.