Ордабасыда 8 жылыжайға есірткі егілген

705
Жылыжай. Қарасора

Оңтүстіктің Ордабасы ауданында есірткі тектес өсімдік егілген жылыжайлар табылды. Егіс Ынталы ауылында болған. Бұл туралы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=uzh2Ig0-mCM[/youtube]

Жылыжайды 8 қыркүйек күні «Допинг» жедел-алдын алу іс-шарасын жүргізу барысында Ордабасы аудандық ішкі істер басқармасының қызметкерлері тапқан.

Жылыжай. Қарасора

Полицейлер жылыжайларды қарап, тексеру барысында құрамында есірткі заттар бар, өсіруге тыйым салынған қарасораны анықтады. Өсімдіктерді заңсыз егіп, өсірумен айналысты деген күдікпен 34 жастағы Өзбекстан азаматы ұсталды. Күдікті осы өсімдіктерден есірткі заттарын жасап келген. Ол істеген ісін мойындап отыр.

Күдікті азамат. Уақытша тергеу абақтысы

Жылыжайлардың ішінен 504 түп қарасора өсімдігі тәркіленді. Аталған түптерді полицейлер сот-криминалистік сараптауға жіберді. Сараптама тәркіленген заттардың жалпы салмағы 3 тоннадан асатыны анықталды.

Жылыжай. Қарасора

 

Қазіргі таңда аталған іс бойынша қылмыстық кодекстің 300-бабы (Құрамында есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп-өсіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.