Отырарлықтар отбасы күнін тойлады. Бұл күні «Оңтүстік Рабат», «Рабат» газеттері және «Отырар» медиахолдингі ұжымын түрлі тосынсыйлар күтіп тұрды. 12 отбасы мүшелері өзара сайыстарға қатысып, ең үздік атану үшін бақ сынасты.
Сайыс ұйымдастырушылары ең жылдам әрі епті әкені анықтауға тырысса, аналар үстел хоккейінде сынға түсті. Ал кішкентай бүлдіршіндер өнерін көрсетіп, бірлігі жарасқан жанұя мүшелерін бейнелеп, сурет салудан жарысты.
Балақайлар балмұздақ пен тәттілерден дәм татып, арнайы алаңшаларда алаңсыз ойнады. Сайыс қорытындысы бойынша, үздік отбасы анықталып, жеңімпаздар түрлі сыйлықтармен марапатталды.
Мерекелік сайыстың толық нұсқасын «Отырар» телеарнасынан алдағы күндері тамашалай аласыздар.