Шымкентте Қаратау аудандық прокуратурасы құрылды

1588
Кәрім Әділ Әбдіқадыр
Кәрім Әділ Әбдіқадыр

Оңтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасының құрылымында Шымкенттің Қаратау аудандық прокуратурасы құрылды. Бұл жайында Қазақстан бас прокуроры Асхат Дауылбаевтың жарлығы шыққан.

 

Кәрім Әділ Әбдіқадыр
Кәрім Әділ Әбдіқадыр

Бас прокурордың бұйрығымен Қаратау ауданының прокуроры болып Кәрім Әділ Әбдіқадыр тағайындалды.

Кәрім Әділ Әбдіқадыр 1984 жылдың 10 қарашасы күні Шымкентте туған. Білімі жоғары. Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін (құқықтану), Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлы-техникалық университетін (қаржы ісі) тәмамдаған. Одан кейін М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің магистратурасында оқыған.

Қызмет жолын 2004 жылдың 1 қазаны күні Оралдағы көлік прокурорының көмекшісі болып бастаған. Одан кейін Орал қаласы прокурорының көмекшісі, Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасының басқарма прокуроры, Алматы қаласындағы Бостандық аудандық прокурорының аға көмекшісі, Алматы қалалық прокуратурасының аға прокуроры, қызметтерін атқарған. Соңғы уақытта Алатау аудандық және Алмалы аудандық прокурорының орынбасары болып істеді.