Шымкентте азық-түлік жәрмеңкесі өтті

597
Картоп. Жәрмеңке.

Шымкентте кезекті рет азық-түлік жәрмеңкесі өтті. Жергілікті халық ауыл шаруашылығы өнімдері мен азық-түлік тауарларын қолжетімді бағада сатып алды. Қалалықтар, әсіресе, арзан сатылған ет өнімдері мен көкөністің саудасын қыздырды.

Картоп. Жәрмеңке.Сатушы Қалима апай жәрмеңкеге өз бақшасында өскен өнімдерін алып келіпті. Қызанақ, болгар бұрышы, картоп, сәбізді бұл күні қап-қабымен сатты. Диханшылықпен айналысатын кейіпкеріміз көкөністерді базар бағасынан 20 теңгеге арзан саудалады.

Сатып алушылардың сөзіне сенсек, жәрмеңкедегі тауарлардың құны базар бағасымен салыстырғанда айтарлықтай арзан. Қажымұқан атындағы орталық стадионында жергілікті тауар өндірушілердің қатысуымен азық-түлік тауарларының жәрмеңкесі әр жексенбіде өтеді.