Шымкенттегі сенбілікке қала әкімі де қатысты

589

Шымкентте Конститутция күні қарсаңында жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылды. Осынау еңбек мерекесіне қала тұрғындары белсене қатысты. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

001 (5)

Тұрғындар шаһарымыздағы көше, аула бойлары, өзен жағалауларын қалдық-қоқыстардан тазартып, ағаш түптерін әктеп, ортақ үйіміздің әсемденуіне бір кісідей атсалысты. Қаланың тынысын кеңейтіп, ажарын ашқан сенбілікке Шымкент әкімі Ғабидулла Әбдіраxымов та қатысты.

001 (3)

Қала басшысы халықпен бірге, мерекелік көңіл күйде арық атыздарды тазалап, бұлақтардың көзін ашты.

Ғабидулла Әбдраxымұлы: «Ата заңымыздың 20 жылдығын біз жалпықалалық сенбіліктен бастадық. Осындай тазалық жұмыстары жиі өткізілсе, ортақ үйіміздің одан сайын көркейе, көгере түсетініне сенімдімін.»

001 (1)

Сенбілікте 24 арнайы техника жұмыс істеді. Сенбіліктің басты мақсаты табиғатты аялай отырып, шаһарымыздың тазалығы мен көркі үшін жанашырлық таныту болатын. Сондай-ақ, өскелең ұрпақтың бойындағы экологиялық сауаттылықтарын арттыру көзделген.

001 (4)