Тәртіптік кеңес отырысында Болат Жанәбілдің ісі қаралды

376

кол«Басшының орнына қол қою-бассыздық»Бүгін облыстық тәртіптік кеңес отырысында білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасы басшысының орынбасары Болат Жәнәбілдің ісі қаралды. Бұйрықтарға қол қою өкілеттілігі берілмесе де басқарма басшысының өз қызметінде болғанына қарамастан ол 55 құжатқа қолын қойып жіберген. Кеңес мүшелері басқарма басшысының орынбасарына ескерту берумен шектелді. Сондай-ақ, Облыстық қаржылық бақылау инспекциясының басшысы Жанболат Өксікбаевтың да ісі қаралды. Қаржы министрлігінің өкілдері ұсынысымен ол бірнеше заңбұзушылықтар бойынша айыпты деп танылып отыр. Алайда, инспекция басшысы тағылған айыптардың бірін де мойындамай, бірнеше дәйектемелермен ақталуға тырысты.

Сондай-ақ, бүгін мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыруда олқылықтарға жол берген Әл Фараби ауданының әкімі Бауыржан Қалжанов бастаған аппарат өкілдері тәртіпке шақырылды. Кеңес мүшелері сынға ілінген мемлекеттік қызметкерлерге тиісті шара көруді ұсынды.