Халықтың қаруы полицейлерге берілуі мүмкін

266
Травматикалық қару

Халықтан сатып алынатын травматикалық тапаншалар полицейлерді қаруландыру мақсатында тәртіп сақшыларына берілуі мүмкін. Қазір жаңа заң жобасы Парламентте қаралып жатыр.

Травматикалық қару

Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің өкілдері журналистермен өткізген жиында мәлімдеді. Тұрғындардан жарақат салатын тапаншаларды қайта сатып алу үшін республикалық қазынадан 2 млрд теңге бөлінген. Бүгінде облыста 3 мыңға жуық осындай қару түрі тіркеліпті. Оның 90 пайызы халықтан ерікті түрде алынған.