Жастар құрдастарын суицидтен сақтандырады

Шымкент. Жастар. Флэшмоб

Ғаламтордағы адамның өз өзіне қол салуға итермелейтін арнайы сайттарды шектеп, жастарға дұрыс ақпарат беру керек. Өйткені басына қиын іс түскенде ең оңай жол деп, өмірмен қош айтысып жатқандарға тосқауыл қою мүмкін емес. Осылай деген әлеуметтік тренинг орталығының мүшелері флешмоб өткізді.

Шымкент. Жастар. Флэшмоб

Бұл шараны жастар дүниежүзілік өз-өзіне қол жұмсаудың алдын алу күніне орай ұйымдастырды. Халық көп шоғырланатын орталық саябаққа жиналған әлеуметтік тренинг орталығының мүшелері алдымен тұрғындарға пайдалы ақпарат беруден бастады. Шымкенттік жастар осылай көпшіліктің назарын аудартуды мақсат тұтыпты.

Шымкент. Жастар. Флэшмоб

Әлемдік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, жыл сайын дүние жүзінде 900 мыңға жуық адам өзіне өзі қол жұмсайды. Яғни, әрбір 40 секунд сайын бір адам суицидтен қайтыс болады екен.

Ал ең сұмдығы — 15-24 жас аралығындағы жеткіншектер арасында өзін-өзі өлтіру фактісі 2 есе артып артып кетіпті.