«Жасырын» жол белгілерінен абай болыңыз

505
Жол белгісі. ағаш.
"Жасырынған" жол белгісі

Шымкентте біраз бағдаршамдар мен жол белгілері жұмысын жүйелі атқарып жатқан жоқ. Бұл қайнаған көлік қозғалысына қауіп тудырады. Ш. Қалдаяқов көшесімен көлікпен келе жатсаңыз, Абай полиция бөліміне қарсы беттегі жол жиегінде жаяу жүргінші белгісі бар. Алайда, әдейі барып іздемесеңіз, оны байқау қиын. Ағаш бұталарынан көрінбей қалған. Шаһарда дәл осындай «тығылып» қалған жол белгілері бағдаршамдар аз емес.

Жол белгісі. ағаш.
«Жасырынған» жол белгісі

15 жылдан бері көлік тізгіндеген Шавкат Бараймовтың уақытының көбі жолда өтеді. Ол қалада ағаш бұталарынан көрінбей қалған жол белгілері көптігін айтады. Жүйткіген жүргізушілерге оны байқау өте қиын. Соның салдарынан қалада жол көлік оқиғаларының саны да артып отыр дейді.

Шавкат Ерметов, көлік жүргізуші: «Осы жақында ана жерде бір жол апаты болды. Қыздарды машина қағып кетті. Талдың артынан шығып қалды, ал белгі көрінбейді. Кім кінәлі сол кезде? Жүргізуші мен немесе белгі қойып жатқандар ма?»

"Жжол белгісі
«Жасырынған» жол белгісі

Түсірілім тобы да 2-3 көше бойында бірнеше жол белгілері мен бағдаршамдардың ағаш бұталарынан көрінбей қалғанына көз жеткізді. Бұған жауапты мамандар тал-дарақтарды қырқу көктем және күз айларында ғана жүргізілетінін айтып, қысқа қайырды.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=rn1FyxdQyIA[/youtube]

Бағдаулет Малимов, қалалық көріктендіру секторының меңгерушісі: «Дәл сол белгінің айналасын тазалау деген статя болмайды бізде. Еш қатысы жоқ. Жалпы ағаштарды санитарлық нормаларға сәйкес қырқу бар. Сондықтан сол жұмыстарды атқарамыз.»

Демек, жаяу жүргіншілер мен жүргізушілерге үнемі мұқият болған абзал. «Жасырынып» қалған жол белгілері талайдың тағдырын тауысуы әбден мүмкін. Сондықтан сақтықты өзіңіз күшейтпесеңіз, жауаптылар қол қусырып отыра бермек.

Жол белгісі
«Жасырынған» жол белгісі