Жеңілдікпен берілетін жанар-жағар жетпей отыр

374
Фото: //stanradar.com

Шаруалар жанар-жағар майға қол жеткізе алмай отыр. Жеткізіп беру шығындары артқандықтан, операторлар жеңілдікпен берілетін сұйық отынды тасымалдауға құлықсыздық танытуда.

Кәсіпкерлер палатасыОблыстық кәсіпкерлер палатасында тауар өндірушілерге тиесілі мемлекеттік бағадағы жанар-жағармайды бөлуде кездесіп отырған түйткілдер ортаға салынды.

Атап айтқанда, Отырар, Созақ, Мақтаарал аудандары мен Түркістан қаласындағы жанар-жағармайдан тапшылық көріп отырған шаруалар жергілікті кәсіпкерлер палатасына ұжымдық шағым түсірген. Шаруалар бұл жеңілдікті субсидия ретінде үлестіру қажет деп санайды.

Шаруашылық төрағасы Жәнібек Сенбек өзі секілді жанар-жағармайға қол жеткізе алмай жүрген дихандардың жанайқайын жеткізу үшін бұл жиынға арнайы келді. Айтуынша, мемлекеттен бөлінген дизельді отынды операторлар әлі күнге үлестіре алмай келеді. Сондықтан кәсіпкер бұл жеңілдікті субсидия ретінде ақшалай алсақ тиімді болар еді дейді.

Отырар, Созақ, Мақтаарал аудандары мен Түркістан қаласындағы жанар-жағармайдан тапшылық көріп отырған шаруалар жергілікті кәсіпкерлер палаталарына ұжымдық шағым түсірген. Айтуларынша, кейбір жергілікті дихандар жеңілдікпен беріліп жатқан сұйық отынды облыс орталығынан жеткізуге мәжбүр.

Бұл, әрине, шаруаларға қосымша шығын. Бұл жағдайда мемлекеттен 74 теңгеге беріліп жатқан дизельді отынның құны қымбатқа түседі. Тіпті кейбір шаруалар бұл жеңілдіктен бас тартып, жанар-жағармайды өз қалталарынан сатып алуға мәжбүр.

Жанар-жағар май тасымалдаушы операторлар үшін шалғайдағы шаруашылықтарға өнімді жеткізіп беру тиімсіз. Мамандар жеткізуші операторларды таңдауда да олқылықтарға жол берілетінін жасырмайды. Бұл ретте мемлекеттік сатып алуларға материалдық-техникалық базасы бар жергілікті операторларды да қатыстыру нәтижелі болмақ дейді жауаптылар.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы мамандары арнайы шақырылғанымен, шаруалардың мәселесі қаралған жиында олар бой көрсетпеді. Енді палата өкілдері басқосуда қаралған ұсыныстарды жинақтап, ұлттық палатаға жолдайды.