Шымкент шаһары тағы бір балабақшамен толықты. Заманауи талапқа сай қос қабатты мектепке дейінгі орталық 320 балаға шақталған.

Балабақша

Балабақша

Балабақша

16 топқа негізделген «Хадиша» балабақшасы енді кішкентай шымкенттіктер үшін қызмет етеді. Жаңа нысанға кірген балалар мен ата-аналар мәз-мейрам. Олардың қуанышымен бөлісуге қала басшысы келді. Әкім мектепке дейінгі орталықтың жағдайымен танысып, бөлмелерді біртіндеп аралады.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=pRgTjMAbGf4[/youtube]

Ләззат Маймақова, №57 «Хадиша» балабақшасының меңгерушісі: «37 тәрбиеші, 16 тәрбиешінің көмекшісі бар, одан басқа бізді музыка жетекшілері жұмыс істейді. Дене тәрбиесі мен ағылшын тілі, орыс және қазақ тілінен мамандарымыз бар».

Мамандандырылған балабақшаның құрылысы 9 айға созылған. Оған қазынадан 582 миллион теңге қаржы қаралған еді. Енді заманауи талапқа сай делінген жаңа нысанда балаларға ән-күй, би бөлмелерінен бөлек спорттық, медицина сыныптары қызмет етеді.

Балабақша

Ынтымақ Мәдиев, Шымкент қалалық білім бөлімінің басшысы: «Бізде қазіргі уақытта балабақша кезегінде 70 мыңнан аса бүлдіршіне тұр. Ал оларды қамту пайызы 77,7 пайызды құрап отыр. 2017-2018 жылға дейін осы көрсеткішті 100 пайызға жеткіземіз деген жоспар бар».

Айта өтейік, биыл жыл соңына дейін Шымкенте тағы 4 бірдей балабақша ел игілігіне тапсырылады.