Қамқорлық күнінде балаларға сый жасалды

Қайырымдылық

Балалар қуанышқа кенелген күн. 29 қазан — қамқорлық күніне орай Шымкентте «Балаларға жылулық сыйла» қайырымдылық акциясы өтті. Мектептерде білім алатын жетім және жартылай жетім бүлдіршіндерге тарту-таралғы үлестірілді.

Қамқоршылардың тәрбиесіндегі ұл-қыздарды қуанту үшін бірнеше мекеме демеушілік көрсетіпті. Соның нәтижесінде қысқы киім-кешек, тәттілер мен қажетті тұтыну тауарларына қарқ болған балалардың қуанышында шек жоқ. Мұндай қайырымдылық шара жыл сайын дәстүрлі түрде өтіп тұрады.

 

Айта кетейік, бүгінде қаламызда 788 бала ата-ана қамқорлығынсыз қалса, 40 бала патронаттық тәрбиеге берілген.