Әлеуметтік желіде қанмен «әзілдеген» бозбалалар анықталды

507
Инстаграм

Оңтүстіктің полиция қызметкерлері әлеуметтік желіде сәтсіз әзілдеген қолданушылар тапты. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Біраз уақыт бұдын «Инстаграм» әлеуметтік желісінде белгісіз автокөліктің жүк салғышында зорлықпен өлтірілген адамның мәйіті жатқан және жанында екі жас жігіт тұрған фотосурет таралып кеткен болатын. Суретті мұқият тексерген тәртіп сақшылары фотоның жалған екенін анықтады.

Инстаграм

Бұдан кейін киминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шарасы нәтижесінде суреттегі жігіттердің жеке бастарын анықтады. Олар Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданының 18 және 17 жасар тұрғындары болып шықты.

Жас жігіттер тәртіп сақшыларына сол суретті өткен жылдың қыркүйек айында түсіргендері айтты. Сол күні жас жігіттердің бірінің үйінде мал сойылып, содан әзілдесу мақсатында аталған суретке түсіпті.

Олар өздерінің арасындағы жігіттердің бірінің үстіне сойылған қойдың қанын жағып, автокөліктің жүк салғышына жатқызып, сосын барлығы ұялы телефондарына фотоға түсіріп алған.

Қазір полиция қызметкерлері «әзілкеш» жігіттермен түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.