Мақтаарал ауданы Қарақыр ауылында 200-ден аса бала үш ауысымда оқиды. Кезінде мақта терімге келген жәрдемшілерге салынған жатақхана бүгінде мектепке ыңғайластырылған. Осы аядай ғимаратқа оқушы сыймай, бастауыш сынып оқушылары қара кешке дейін оқуға мәжбүр.
Қос қабатты ғимарат кеңес кезінде мақта терімге жұмылдырылған жәрдемшілерге жатын орын болған. Қазір мұнда екі жүзден аса шәкірт үш ауысымда білім алып жатыр. Сегізінші сынып оқушысы Аида Үркімбай арпалыс, әсіресе, ауысымдар аралығында болатынын айтады. Себебі, оқу бөлмесін келесі сыныптағыларға босатып беру тиіс. Сондықтан үзілістер де қысқарып отыр.
Тап-тар дәліз кіріп-шығуға да ыңғайсыз. Мұнда тіпті мұғалімдер бөлмесі де қаралмаған. Ұстаздар иін тірескен кітаптардың арасында жұмыс істейді. Ал екінші ауысымдағы оқушыларға бар болғаны 2 сағат бөлінеді. Осы уақыт аралығында оқу бағдарламасына сай дәріс өтуі тиіс.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=M0EctOBDGBw[/youtube]
Ескі ғимарат бұзылғалы ұжым да шәкірттер де абыржулы. Ал мектеп директоры жаңа білім ұясы пайдалануға берілгенге дейін осылай күнелтуге мәжбүрміз дейді.