Қарақыр халқы биыл да көмір жағады

499
Көмір

Мақтаарал ауданы Қарақыр ауылындағы халық биыл тағы да көмірмен күнелтеді. Көгілдір отын мәселесінің көтерілгеніне төрт жылдан асса да жергілікті жұртшылықтың әлі күнге табиғи газға қолы жетпей отыр. Үміті үзілген жұртшылық осылайша қыстың қамына кірісіп кетті.

Көмір

Қыс қамына кіріскен Луиза Тұрғымбаева күн суыта салысымен ең алдымен көмір түсіртіпті. Ал ас-ауқатына газ баллонды пайдаланады. Айына 3 мың теңгенің газын жағатын отбасы көгілдір газды күте-күте шаршағандарын айтады.

Қарақырлықтар ағаш отын жинап, көмірін сайлап жатыр. Төрт жылдан бері табиғи газға телмірген халық жергілікті биліктің уәдесіне сенуден қалды.

Айта кетейік, 2012 жылы ауылды газдандырудың жобалау жұмыстары жүргізілген болатын. Алайда, қаржы қарастырылмағандықтан бұл іс аяқсыз қалған. Бүгінде сол құжаттаманың мерзімі өтіп кеткендіктен, сызба қайта жасалуда.

Жыл аяғына дейін ауылды газдандыру жұмыстарының нобайы нақтыланады. Құжаттама негізінде қаржы көзі қарастырылмақ. Дегенмен, таяуда шешіле салатын шаруа емес. Өйткені жергілікті билік өкілдері табиғи газдың қай уақытта жекізілетінін әлі де дөп басып айта алмай отыр.