Шымкент қаласында Қазақстандағы ең ірі сауда — ойын-сауық орталығы бой көтереді. Облыс әкімі Б.Атамқұлов пен инвесторлар арасында жүргізілген кездесу нәтижесінде Шымкентте жалпы аумағы 38 га жерге «Shymkent mall» сауда — ойын-сауық кешені салынатын болды.
Жалпы ауданы 120 мың шаршы метрді құрайтын сауда — ойын-сауық кешенінде бірқатар қызмет көрсету нысандары орналастырылады. Атап айтқанда:
— гипермаркет» — 10 мың шаршы метр;
— дүкендер» — 10 мың шаршы метр;
— кинотеатрлар» — 4 мың шаршы метр;
— балаларға арналған ойын-сауық паркі — 3,5 мың шаршы метр;
— аквапарк — 15 мың шаршы метр;
— 3000 адамға арналған фуд-корт орындары;
— электроника дүкендері» — 2,5 мың шаршы метр;
— заманауи фешн галереясы» — 40 мың шаршы метр.
Сонымен қатар 3500 автокөлікке арналған тұрақ болады. Жобаға жалпы соммасы 42 млрд теңге жеке инвестиция тартылады және 4000 жаңа жұмыс орындары ашылады дейді кәсіпкерлер.
Бұдан бөлек кешенде 8 платформадан тұратын және бір уақытта 350 жолаушыны қабылдайтын автовокзал жұмыс жасайтын болады.
Кешен заманауи тенденцияларды ескере отырып, жобаланған және орналасқан қала аумағы инфрақұрылым жүйелерімен толық қамтылып, қала тұрғындарына тиімді, жаңа форматтағы сапалы қызмет көрсететін болады.
ОҚО әкімдігі баспасөз қызметі