Солақай саясаттың құрбанына айналған азаматтардың есімі мен ерлігі жаңғырып жатыр. Облыстық қуғын-сүргін құрбандары мұражайында Сабыр Айтқожиннің — 120 , Апбаз Қаламбаевтың 115 жылдығы аталып өтілді.
Еске алу кешке қазақ зиялылары Сабыр Айтқожин мен Апбаз қаламбаевтың туыстары-ұл-қыздары мен жергілікті тұрғындар жиналған. Көпшілік мұнда Алаш арыстарының өмір жолынан естеліктер айтып, елге сіңірген еңбектін насихаттады. Ал мектеп оқушылары қилы заманда «Халық жауы» танылып, қазақтың болашағы үшін ажал құшқан азаматтарың өмірінен, ондағы қоғам тынысынан қойылымдар ұсынуды парызы санапты.
Бекзат Сегізбаев, мектеп оқушысы: «Сабыр Айтқожин 1895 жылы Солтүстік Қазақстан облысында туған. 1910 жылы Көкшетау мешітінде білім алған. Қазақтың тұңғыш жорналшы-редакторларының бірі. Оның еңбегі, ерлігін ешқашан ұмытпаймыз».
Сабыр Айтқожин 1921 жылы «Кедей сөзі» газетіне жұмысқа қабылданады. 1922 жылы редакция Қызылжарға көшіп келгенде аты «Бостандық туы» болып өзгерген газеттің жауапты редакторы қызметін атқарды. 1937 жылы 2 қазанда Жамбыл қаласында жалған айыппен тұтқынқа түскен. Оның есімі тек 1957 жылы ғана ақталды. Ал Апбаз Қаламбаев та «Халық жауы» деген жалған айып тағылып, қара тізімге ілінген қазақтардың бірі. Темір торға Сәкен Сейфуллинмен бірге қамалып, Алаштың болашағы үшін күрескен.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=K4CENaHQ-i0[/youtube]
Шора Апбазов, Апбаз Қаламбаевтың ұлы: «Қаншама адам «Халық жауы» танылып, оларды атуға әкетіп бара жатқанда менің әкем оларды арашалап, өлім аузынан алып қалған екен. Әкемнің орыс досы болыпты, кінәсіз жапа шеккен мыңдаған қандастарымызды құтқарып қалған. Бұл сол ел басына күн туған замандағы қызметі ғой. Әкемнің ерлігін мақтан тұтамын».
«Халық ардақтылары» атты арнау-іс шараға тарихшылар да шақырылған. Олар жуырда отаршылдық заманда қуғынға тап болған Сабыр Айтқожин мен Апбаз Қаламбаевтың құрметіне тарихи жинақ жарық көретінін жария етті.