Оңтүстік Қазақстан облысының саңлағы Арман Оспанов кезекті жеңіске қол жеткізді. Алматыда өткен қазақ хандығының 550 жылдығына арналған халықаралық додада шымкенттік палуан өзінің басты қарсыласы американдық Джо Элмордан басым түсті. Бұл — Арманның қол жеткізген 7-жеңісі. Аталмыш турнирге 8 елден 28 кəсіби спортшы қатысты. Жерлесімізді жеңісімен құттықтаймыз!
ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметі