Астана даңғыл жолының құрылысы жалғасады. Жоба барысы туралы Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мамандары мәлімдеді.
Әңгіме қаланың жаңа әкімшілік-іскерлік орталығы мен Тассай шағынауданындағы Тәуке хан көшесіне дейінгі жер туралық. Осы мақсаттағы қоғамдық тыңдау 1 желтоқсанда, сағат 11:00-де Тассай шағынауданындағы №118 мектептің акт залында өтеді.
Онда көтерілетін жобаға қатысты ақпарлармен танысып, өз ұсыныңызды білдіру үшін Шымкент қаласы, Ақпан батыр көшесі, 108 үй, 301-кабинетке баруға болады.