Мәдениет күндері «Шырайлы Шымкент -Арайлы Атырау» атты екі облыстың құрамалық айтысына ұласты. Жыр бәсекесіне біздің өңірдің суырып салма өнер иелерін белгілі айтыскер ақын Маржан Есжанова бастап барды. Мұнайлы өлкенің мақтанышына айналған жас талант Шалқарбай Ізбасаровпен кездесіп, оның «шымкенттік әдіс» деген тіркесіне тойтарыс берді.
Маржан Есжанова, ақын:»Айтыс өзімнің ойымнан шықты, расында да өлең жолдарыма риза болып, марқайып қадым. Мықты айтыстарымның бірі болды деп бағалай аламын. Осы орайда атыраулық ағайынға айтар алғысым шексіз. Мұндағы ақындарға деген құрмет-ықалас ерекше екен. Әсіресе , сахнада өнер көрсетумде маған қолдап-қуаттап, шабыттандырып отырды. Ал «шымкенттік әдіс» деген сөзді естігенде мен ғана емес, барша жерлесіміздің шырылдайтыны бар. Қазір, тіпті, бұл сөзге құлағымыздың еті үйреніп кеткені соншлықты, «шымкенттік әдіс» деген сөзбен мақтанатын болғанбыз. Себебі аталған әдіс бізді атқа мінгізіп жатса, сені жарлы етеді деп. Бұл біздің әдіс барша халықтың жағдайын ойлайтын, тиімді әдіс! Ендеше мұны келеке етпей, керісінше, қолданысқа кеңінен енгізгеніміз дұрыс дер едім».
Оңтүстікте, қала берді ел аумағындағы аламан айтыстарда жүлделі орындарды еншілеп, жасындай жырларымен көптің алғысын арқалап жүрген ақын Қажымұхан Абзаов та сахнадан көрінді. Ә дегеннен-ақ жерлесіміз Атыраудың қазба байлықтарын жырына арқау етті. Өз кезегінде өңірдің келелі мәселелерін де айналып өтпеді. Тіпті браконьерлердің бағалы уылдырықтарды шетел асырып жатқанын да жырымен жеткізді.
Залдағы көрермен, әсіресе, Біржан Байтуов пен Сағадат Нұрмановтың айтысын асыға күтті. Қос өңірдің абыройын арқалап шыққан ақындар алдымен Атырау мен Шымкенттің шежіресіне тоқталды. Алаш арыстарын, ондағы батыр мен хандардың ұтымды уәждерін, ел ішінде жүргізген биліктерін айрықша айтып өтті.
Ақындар айтысы «Достық» ұранымен тәмамдалды. Аламанға атсалысқандардың әрқайсына 100 мың теңгеден сыйақы табысталды.