Мерейтойға тарту. Сайрам аудандық білім беру бөлімі велошеру ұйымдастырып, Қазақ хандығының 550 жылдығына тарту жасады. Шеруге шыныққан спортшылар емес, дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері қатысты.

Аудандағы 70 мектептен 205-ге жуық мұғалім жиналып, 20 шақырымды жүріп өтуге жиналды. Олардың арасында 35 жылдық еңбек өтілі бар Салдарбек Омаров та бар.

Салдарбек Омаров: «Мұғалімдердің велосипед теуіп, жарысқа шығуы дене шынықтыру пәнінің абыройын өсіреді. Мұнда бір-бірімізбен танысып қана қоймай, тәжірибе алмасамыз. Балаларды салауатты өмір салтын ұстауға үйретіп қана қоймай, үлгі боламыз».

Қаз-қатар тізілген 250 қатысушы сөре сызығынан бір уақытта жіберілді. Мәртөбеден басталған шерудің мәре сызығы Сайрам ауданының орталығы Ақсу деп белгіленген. Қашықтығы 20 шақырым болса да қатысушылар белсенділік танытты.