Депутат өз қаржысына 115 балалар алаңшасын жаңартуда

Балалар алаңшасы

Қала күніне орай Нұрсәт шағынауданындағы барлық балалар алаңшасы қайта қалпына келтіріліп, жаңа күйге енетін болады. Мұндай сыйлықты балаларға қалалық мәслихаттың депутаты Төрайым Сұлтанова жасап отыр.

Балалар алаңшасы

Бұл шағынаудандағы алаңшалардың саны — 115. Айта кету керек, қайта қалпына келтіру үшін мемлекеттік бюджеттен бір тиын да бөлінбеген.

Балалар алаңшасы

Қалалық әкімдіктің бұл бастамасын осы округтен сайланған депутат Төрайым Сұлтанова бірден қолдауға кірісіпті. 2 миллион теңгеге жуық қаржысын жұмсаған халық қалаулысының айтуынша, әзірге алаңшаларды жөндеу жұмыстарының 40 пайызы аяқталған.

Бүгінде Нұрсәт шағынауданындағы көп қабатты үйлердің ауласында қызу жұмыс жүріп жатыр. Аулалар тазаланып, балалар әткеншектері сырлануда. Оған қоса орындықтардың шатырлары да ауыстырылған. Коммуналдық мекеме қызметкерлері бірқатар атракциондарды да дәнекерлепті.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=OhJx1NvlgBU[/youtube]

Тұрғындармен кездескен Төрайым ханым шағынаудандағы жөндеу жұмыстары жақын күндері аяқталады деп сендірді. Бұйыртса, қала күнінде балдырғандар жаңа алаңшаларда асыр салып ойнайтын болады. Ал әкімдіктегілер ендігі кезекте тұрғындарға ойын алаңшасын күтіп ұстаса деген тілектерін жеткізді.