Леңгір қаласына — 70 жыл!

975

Леңгір қаласы тұрғындарының көңілін көтеретін өз мерекесі бар. Ол — қала күні. Алғашында кеншілер қаласы болған мекен бүгінде Төле би ауданының орталығына айналған. Отыз мыңға жуық тұрғыны бар шағын кенттің құрылғанына биыл 70 жыл толды.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=eajd9fWu4rY[/youtube]

Бір кездегі кеншілер шаһарының негізі ХІХ ғасырдың 70-жылдарында көмір өндіретін шағын кеніш ретінде қаланған. Леңгірде түрлі ұлт өкілдері көптеп шоғырланған. Еңбекшілер қаласы тоқырау заманынан дін аман өтіп, халықтың әлеуетін көтеру үшін кәсіпорындарды көптеп ашты. Түлеп, түрленген қалада отыз мыңға жуық халық бар. Оның басым бөлігі қаламен құрдас.

Леңгір

Жамбыл Сейтов, Леңгір қаласының тұрғыны: «Леңгір қаласындағы әр отбасы бақытты десем болады. Қала бізге білім берді. Жұмыс берді. Отбасын құрдық. Өнегелі отбасы болды. Қаламен бірге көркейіп, қаламен бірге өстік».

Қала күні мұнда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті. Жергілікті тауар өндірушілер мен дихандар өз тауарларын арзан бағада сатып, қалалықтарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Мұнда жеміс, көкөніс және ет пен сүт өнімдері нарықтағы бағадан 10-15 есе төмен сатылды.

Өзінің 70 жылдық мерей тойын атап өткен ленгірліктер ұлан-асыр той жасамады. Түрлі әншілерде шақырып, шашу да шашпады. Есесіне қаланың еңбектеген баласынан еңкейген қартына дейін өз өнерлерін ортаға салды.

Ленгірдің жетпіс жылдық тарих тақтасында әрбір шаңырақтың ерен еңбегі мен тамаша дәстүрі жатыр. Бұл жолы да әр саланың үздіктері аудан әкімінің марапатына ие болды.