Тараз қаласында Қазақ хандығының 550 жылдығы құрметіне қолға алынған «Мәңгілік ел» ақындар айтысы мәресіне жетті. Аламанға жолдама алған 5 азулы ақынның ішінен павлодарлық Аспанбек Шұғатаев пен алматық Болатбек Оразбаев оқ бойы озық шықты. Өнер иелерінің әрқайсысына 2,5 миллион теңгеден табысталды.
Екінші орынды астаналық ақын Иранғайып Күзембаев жеңіп алды. Оған 2 миллион теңге қаржылай сыйақы берілді. Ал үшінші орынды Мейірбек Сұлтанхан мен Абек Қалиев қанағат тұтты. Қос ақынға 650 мың теңгеден берілді.