Жарты тоннадан асатын шақ-шақ. «Мадлен» кондитерлік желісі қала күніне орай осындай сый жасады. Шеберлер бұл дәм түрін әзірлеуге бір апта жұмсапты. Наурыз алаңындағы мерекелік концертті тамашалауға келген қала жұртшылығы аспаздардың өнеріне баға берді.
Төрт мың жұмыртқа, 300 литр май, 250 келі ұн, 170 келі қант және бал. Он саусағынан өнері тапқан 30 шебердің қолынан шыққан алып тәттіні жасауға тек отандық табиғи өнімдер пайдаланылды. Қала күніне сый жасаған «Мадлен» кондитерлік желісінің тартуынан мерекені тойлауға келген көпшілік дәм-ауыз тиді.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=kul1TyWO8jw[/youtube]
Кулинарлық жауһар киіз үйдің пішінімен жасалған. Қонақжайлық пен қайырымдылықтың нышанын шеберлер осылай білдіруге тырысқан. Тәттінің 550 келі тартуы да тегін емес. Қазақ хандығының мерейтойын ескерген аспаздар шақ-шақтың салмағын жарты тоннадан асырыпты. Тәтті өнім жергілікті халықтың да көңілінен шықты.