Үздік оқушылар «Жас ұлан» қатарына қабылданды

1142

«Шымкент – достық мекені». Бүгін қала күні мерекесінің екінші күні дәл осындай тақырыппен тойланып жатыр. Салтанатты шара «Тәуелсіздік» саябағында өрбіді.

Мерекелік бағдарлама алдымен қаламыздағы мектептердің үздік оқушыларын республикалық «Жас ұлан» ұйымымына қабылдау рәсіменен бастау алды. Білім ұяларының 500 көшбасшы шәкірті осылайша мәртебелі ұйымның мүшесі атанды.

Одан соң саябақта концерттік бағдарлама қолға алынды. Оған әдеттегідей кәсіби әртістер емес, мектептің оқушылары жұмылдырылған. Жас өнерпаздар сахна төрінде өзге ұлт пен ұлыстардың басын қосып, бірлікті бекем ұстаған Шымкқаланың бүгінгі бейнесін ән-күймен жеткізді.