Облыс әкімі Бейбіт Атамқұлов Қазығұрт ауданында іс-сапармен болып, бірнеше әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысты.
Сапар барысында өңір басшысы ауданда орналасқан жылыжайды аралап көрді. Бүгінгі таңда кәсіпкер Л.Жұбатова салған жылыжайдың 1 гектарынан алынған өнімнің түсімі 200-250 центнерге жетіп отыр.
Аралаған нысандардың арасында ауданда дақылдар өсірумен және қайта өңдеумен айналысатын «Аманкелді» ЖШС де болды. Кәсіпорын өз өнімдерін Қазақстан нарығынан бөлек Өзбекстан, Ауғанстан,
Тәжікстан республикаларына шығаруда.