Бәгләр Аллазаров

Қыстың көзі қырауда Шымкенттегі оншақты отбасы далада қалуы мүмкін. Қазығұрт шағынаудандағы облыстық маңызы бар су құбырларының үстінен салынған 50 нысан сот үкімімен сүріледі. Санитарлық қорғау аумағында қалған жұртшылыққа бірнеше рет ескерту берілсе де еленбепті. Енді тұрғындардың қарсылығына қарамастан заңсыз құрылыстар бұзылады.

Бәгләр АллазаровБәгләр Аллазаров үй іргелік жеріне санитарлық қорғау аумағынан асып, кішігірім қойма салып алған. Қоршауын да рұқсат етілмеген жерден жүргізген. Сот орындаушыларының ескертуін елемей келген тұрғын тағы да мерзім беруді сұрайды.

Алайда оның өтінішіне ешкім құлақ аса қоймады. Арнайы техника әп-сәтте іске кірісті. Алдымен облыстық маңызы бар су құбыры жүргізілген аумақтағы үйдің қоршауы бұзылды.

Айта кетейік, шағынауданда санитарлық қорғау аумағында қалып қойған 50 нысан бар. Заңсыз құрылыстың арасында басыбайлы баспаналарды айтпағанда кәсіпкерлік нысандар мен бетон қоршаулар және шаруашылық құрылыстар да бар.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=SFSjB9YlfrM[/youtube]

«Су ресурстары — Маркетинг» ЖШС мамандары бұл шаралардың, ең алдымен, тұрғындардың өз қауіпсіздігі үшін жасалып жатқанын айтады. Өйткені, бетін аулақ қылсын, диаметрі су құбыры сыр берсе, ең алдымен осындағы жұртшылық зардап шегеді.

Қалай дегенмен санитарлық қорғау аумағы қайта қалпына келуі тиіс. Кезінде «қызыл сызықтан» асып, заңсыз құрылыс жүргізген тұрғындардың бірі баспанасынан, енді бірі нәпақасын ажыратып отырған табыс көзінен айрылуға мәжбүр.