Шымшаһарда қала әкімдігі мен «Шымкент жастары» мекемесінің ұйымдастыруымен көңілді тапқырлар ойыны өтті. Қызықты ойындар Қазақ xандығының 550 жылдығы және қала күні мерекесіне орай да ұйымдастырылған.
Бас жүлде Шымкент қаласы әкімінің жүлдесі еді. Тартысты ойында Алматы, Ақтөбе, Орал, Аягөз, Тараз, Қызылорда, Шымкент қалаларының үздік командалары бақ сынасты.
Сонымен, ІІІ орынды Орал қаласының «Гранд» командасы жеңіп алса, ІІ орынды Ақтөбелік қонақтар, яғни, «Фемида» командасы иеленді.
І орынды жерлестеріміз, М.Әуезов атындағы ОҚМУ құрамасы — «Байдың балалары» командасы алса, бас жүлдені Шығыс Қазақстан облысынан келген «Аягөз» құрамасы жеңіп алды.
Қала әкімі Ғ.Әбдіраxымов жастар жанашыры ретінде ойынға қатысып, жеңімпаздарды бағалы сыйлықтармен марапаттады, КТК ойынына қатысы бар барша қауымға алғыс білдірді.