Шымкент қаласы әкімінің орынбасары болып Көшеров Нұралхан Оралбайұлы тағайындалды. Бұл туралы қала әкімінің кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы Нұрлыбек Жеңісбек хабарлайды.
Нұралхан Көшеров ОҚО Шымкент қаласында 1984 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары. 2005 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік-Қазақстан мемлекеттік университетін экономика мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2008 жылы Қазақстан Республикасы парламент мәжілісі депутатының көмекшісі болып бастаған. 2009-2011 жылдар аралығында қаржы министрлігінің салық комитеті салықтық заңнамаларды түсіндіру және жетілдіру басқармасының сарапшысы, Астана қаласы бойынша салық департаментінің Алматы ауданы бойынша салық басқармасының заңды тұлғалардың салық аудиті бөлімінің бас маманы қызметтерін атқарған.
2011 жылдан 2014 жылға дейін Астана қаласы бойынша салық департаменті Есіл ауданы бойынша салық басқармасы бастығының орынбасары болып жұмыс істеген. Ал 2014 жылдан бүгінгі күнге дейін қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитетінің Астана қаласы Есіл ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы қызметін атқарған.