Шымкент ақылды қалаға айналады. «Ақылды қала «жобасын облыс әкімі Бейбіт Атамқұлов «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасы Руслан Еңсебаевтың кездесуінде таныстырылды. Тың жоба қоғамдық бағыттағы көліктердің жұмысын да жетілдіреді. Уай-фай нүктелері бар ақылды аялдамаларға электронды кондуктор орнатылады. Онда барлық автобустардың бағыты көрсетіледі. Сондай-ақ, бұл жүйе ұзын-сонар кезекке тұруды да шектейді,- дейді мамандар. Егов және облыс әкімінің сайттары арқылы баланы кезекке қойып, емханаға жазылуға да болады.