Шымкентте жылу маусымы басталғанымен өзге аудан-қалаларда жылу қосылмады. Мұнда әлі маусымға дайындық қызу жүріп жатыр. Бұл үшін қажетті көмір мен сұйық отын қоры да толығымен жасақталып қойыпты.

Бұл жөнінде облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қаныбеков жергілікті коммуналдық қызметке жауапты шенеуніктермен өткен селекторлық жиында мәлімдеді. Оның айтуынша, әзірге өңіріміздегі білім, денсаулық сақтау және өзге де әлеуметтік нысандарға жылу берілген.

Сәкен Қаныбеков
Сәкен Қаныбеков

Сәкен Қынбеков, облыс әкімінің орынбасары: «Қазіргі уақытта жылу маусымына өңіріміздегі барлық аудандар дайын. Дайындық өз уақытында жүргізілді. Әрине, таулы аудандарға біз жылуды алдын ала беріп үлгердік. Ал Шымкентте жылу толығымен қарашаның 1-жұлдызына дейін беріледі. Біздің жоспар солай бектілді.»

Селекторлық жиынға қатысушылардың айтуынша, биыл жылу беру науқаны жылдағыдан ерте қолға алынып отыр. Айта өтейік, бүгінде №3 жылу-энерго орталығынан 346 бюджеттік нысан, 1762 көп қабатты тұрғын үй жылытылып келеді.