88888888888Шымкентке Грузияның Қазақстандағы елшісі Зураб Патарадзе келді. Өңір басшысымен кездесуде алдымен инвестициялық мүмкіндіктерді талқыланды. Ауылшаруашылығының әлеуетін ескерген Бейбіт Атамқұлов шетелдіктерді агрожобаларды іске асыруға шақырды. Сондай қос ел кәсіпкерлерінің бірлесе жұмыс істеуіне жол ашылып, туризм саласын қолға алынатын болды. Айта кетейік, Грузияда бүгінде әртүрлі бағытта 100 қазақстандық компания жұмыс істеп жатыр.

Зураб Патарадзе, Грузияның Қазақстандағы елшісі: Қос елге сауда-саттық саласын да дамыту тиімді болмақ. Грузияда өндірілген өнімдерді осында жеткізсек деген жоспар бар. Тиісінше, сіздердің отандық тауарларыңызға бізде де сұраныс болатынына сенім зор. Қазан айында Қазақстанда ауылшаруашылық өнімдерінің көрмесін ұйымдастырамыз. Онда қос ел кәсіпкерлері ортақ жобаларды талқылайтын болады.